Хиджаб киюге емес, бетперделі киім үлгілеріне қатысты заң нормалары қарастырылуы мүмкін / Фото: kursiv.media
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тағы да дін мәселесіне қатысты пікір білдірді. Ол алдағы уақытта қауіпсіздік мақсатында нақты хиджабқа емес, бетперделі киімдерге қатысты заң нормалары қарастырылатынын айтты. Яғни паранжа мен ниқабқа қатысты мәселе заңдық негізде қаралуы мүмкін.
«Менің сұрағым дін мәселесіне қатысты. Қоғамдық орындарда хиджабқа тыйым салу жөніндегі пікіріңіз осыған дейін үлкен дау туғызды. Бірақ кейін сіз өз пікіріңіздің ниқаб пен паранжаға қатысты болғанын айттыңыз. Ниқаб пен паранжаға тыйым салу мәселесі әлі де күшінде ме? Мұндай тыйым қашан енгізіледі?», – деп сұрады журналист.