Қазақстандағы бақылау-өткізу пунктері цифрландырылады /kursiv.media
Сейсенбідегі Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов Қаржы министрлігіне Шекара қызметімен, Ауыл шаруашылығы, Көлік министрліктерімен бірлесіп, жыл соңына дейін өткізу пунктерінің өткізу қабілетін арттыру бойынша нақты шара әзірлеуді тапсырды. Ал Цифрлық даму министрлігіне осыған қатысты барлық ақпараттық жүйені біріктіру міндетін жүктеді.
«Көлік министрлігі Сауда, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерімен және әкімдіктермен бірлесіп, көлік-логистикалық орталықтар мен кеден қоймаларын дамытудың жол картасын әзірлеуі керек», – деді премьер-министр.
Автокөлік құралдарымен жүк тасымалдауды және транзитті дамыту маңызды мәселе екеніне тоқталған Әлихан Смайылов Қазақстан аумағы арқылы жалпы ұзындығы 13 мың шақырымға жуық 8 халықаралық автожол...