Украина соғыс шығындарын өтеудің жаңа жолына аяқ басты. Енді басқыншылыққа ұрынған ел ұрысқа кеткен шығынын әскери облигациялар арқылы өндірмек. Әсіресе, Батыс Еуропадағы жеке тұлғаларға арналған әскери облигацияларды іске қосуды көздеп отыр. Ашық айтқанда, бағалы қағаздарды қашықтан сатып, пайда көзін таппақ. Осы аптада украин Үкіметі бұл қадам үшін Investment Capital Ukrainе (ICU) ашатынын мәлімдеді, деп жазады The Wall Street Journal.
Украина билігі қорғаныс бюджетін биыл 30 миллиард доллардан 40 миллиардқа, ал келесі жылы 45 миллиардқа дейін арттырғысы келеді. ICU Макроэкономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Виталий Ваврищук бұған қатысты сыни пайым айтып, үкіметтің қорғаныс саласын құтайтуына қатысты қолға алған шараларын айыптады. Сарапшыны...