2030 жылға қарай Қазақстан өзінің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ағымдағы 15%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр, қазіргі көрсеткіш 4,5%. Бұл жайлы Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының 12-ші отырысында айтылды.
Бұл салада Қазақстан Еуропалық Одақпен әріптестікті кеңейтуді жоспарлап отыр. Республика осы бағытқа басымдық беріп, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі. Перспективалық бағыттың бірі – «жасыл экономикаға» көшу және өзара көліктік байланысты нығайту болып отыр.
Премьер-Министр экологиялық күн тәртібі Қазақстан экономикасының орнықты дамуында негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті.
«Еуропа елдерінің баламалы энергия саласындағы тәжірибесі мен жетістіктерін ескере отырып...