Алматы қаласында газбен жанатын жаңа Алматы ЖЭО-2-ні салушы мердігермен шартқа қол қойылды.
«Самұрық-Энерго» баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа станция жұмыс істеп тұрған ЖЭО алаңына салынады, онда бүгінгі күні негізгі отын ретінде көмір, ал іске қосар кезде мазут пайдаланылады.
«Жаңа газ-турбиналық ЖЭО-ны салушы мердігер энергетика саласындағы «Dongfang Electric International Corporation», «Powerchina Sepco1 Electric Power Construction Co., Ltd», «Powerchina Hebei Electric Power Engineering Co., Ltd» жобаларын іске асыруға мамандандырылған үш ірі қытайлық компаниялар консорциумы болды. Консорциум дегеніміз – компаниялар одағы, олардың біріншісі – өнеркәсіптік жабдықтардың ірі өндірушісі, екіншісінің жобаларды ЕРС-шарттары бойынша іске асыру тәжірибесі бар, үшіншісі – жобалау...