Фото: shutterstock.com
Әлемнің алпауыт университеттерінде білім алу үшін үйден шықпай-ақ, онлайн оқуға болады. Ақылы ғана емес, тегін курстар да бар. Бүгінгі материалымызда Stanford University профессорларының сабақ алуға мүмкіндік беретін онлайн-курстар мен пайдалы сілтемелер топтамасын ұсынғымыз келіп отыр.
Science Writing. Аты айтып тұрғандай, ғылым тілінде түсінікті, жылдам және жетер жеріне жеткізіп жазу өнеріне баулиды. Мынадай тақырыптар бар: ғылым тілінде жазу қағидалары, ғылыми қолжазба форматы, ғылыми басылымдағы этика мәселелері және жалпы аудитория арнап жазу. Профессор — Кристин Сайнани.
Introduction to Mathematical Thinking. Математиктер қалай ойланады? Мыңдаған жыл бойы дамып келе жатқан танымдық процесс жайлы мол ақпаратқа кенелесіз. Мектепте оқылатын математикада...