Фото: kursiv.media
Энергетика министрлігі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге кезекті аукцион өткізбек. Аукционға 26 жер қойнауы учаскесі қойылды. 2 ай бойы аукционға қатысуға өтініш қабылданады.
Аукционға www.gosreestr.kz сайты арқылы өтініш беріледі.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды өткізу шарттары мен тәртібіне өзгерістер енген.
Олардың негізгілері мыналар:
аукцион өтінім берушінің кепілдік жарнасын төлеуі; егер аукцион жеңімпазы кодекстің 100-бабының 3-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қол қою бонусын төлемеген және (немесе) құзыретті органға өз тарапынан қол қойылған келісімшартты ұсынбаған жағдайда, аукцион жеңімпазынан кейінгі қол қою бонусының е...