Алматыда өткен Қазақстан мен Қытай шекаралас ынтымақтастығының II Достық диалогы форумында екі ел 16 құжатқа қол қойды. Оның 5-уі 565,4 млн доллар тұратын коммерциялық құжат. Екі ел кәсіпкерлері құрылыс, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, туризм, инвестициялар және басқа да салалар бойынша ынтымақтастығын арттырмақ.
«Мемлекет басшылары жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға көп көңіл бөледі. Биыл «Бір белдеу – бір жол» бастамасына 10 жыл толады. Осы кезеңде біздің серіктестігіміз жаңа сапалы деңгейге көтерілді. Ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша оң серпін байқалады. Бүгінде Қазақстанда тау-кен металлургия кешені, өңдеу өнеркәсібі және басқа да стратегиялық салаларда 3300 бірлескен кәсіпорын жұмыс...