2022 жылдың IV тоқсанында экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнама нәтижесі туралы (салалық конъюктуралық шолу) Ұлттық банк ақпарат таратты.
ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсіндірмесі
Нақты сектордағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнаманың қорытындысы тау-кен өнеркәсібінде – дайын өнімге, көлік пен қоймада сақтауда – сұранысқа қатысты жағдай жақсарғанын, ал сауда саласында, керісінше, нашарлағанын көрсетті. Сауда мен құрылыста сұраныс көрсеткіштері теріс аймақта тұр. 2023 жылдың I тоқсанында ауыл шаруашылығынан басқа барлық салада сұранысқа қатысты жағдай жақсарады деп күтілуде.
Сауданы қоспағанда, барлық салада шикізат пен материал бағасының өсу қарқыны баяулады. Тау-кен өнеркәсібінен өзге салаларда дайын өнім бағасының өсу үрдісі де бәсеңдед...