Келесі жылы қазақстандықтар теңгедегі депозиттеріне қосымша 10 пайыз ала алады. Өтемақыны алу үшін өтініш беру керек. Оны онлайн немесе банк бөлімшесінде тапсыруға болады. Бүгінгі материалда соның жолдарын қарастырдық.
Бұл қандай өтемақы?
Екінші деңгейлі банктерде теңгедегі депозиттері бар және оны 2022 жылдың 24 ақпанына дейін ашқан қазақстандықтар ақшаны жыл бойы сақтағаны үшін мемлекеттен өтемақы алады.
Банк шотына ақша салғаны үшін өтемақы 2022 жылдың 23 ақпанында шоттағы соманың 10%-ына тең болады. Дегенмен бұл жыл ішінде 2023 жылдың 23 ақпанына дейін шоттан ақша алынбаған жағдайда ғана қолданылатынын ескеріңіз.
Төлем ең көп дегенде 20 миллион теңге салымға қарастырылған, яғни өтемақының ең жоғары көлем...