Экологиялық талаптарды бұзғандар үшін әкімшілік айыппұл мөлшері 5 есе өсті
Елордада рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізілуде. Елорда әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы хабарлағандай тәртіп бұзушылар қыста қардың астына жасырып құрылыс қоқыстарын шығарады. Сонымен, тағы 12 учаске жойылып, 2 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 2021 жылы 330-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылып, 60 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, ал 2020 жылы 220-дан астам учаске жойылған болатын. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.
Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері пайда болмас үшін өткен жылдың маусым айынан бастап экологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл мөлшер...