Әлеуметтік желілерде Алматының көрікті жерлерінің бірі, «Көктөбе» биік таулы саябағы талқыланды. Қала тұрғындары тұрақ бағасының тым жоғары екенін айтуда.
Ақпаратты алғаш болып блогер Әсет Мырзабаев жариялады. Бейнежазбада блогер автомобильдерге кіру және тұрақ құны 25 мың теңге болғанын айтып шағымданды. Оның айтуынша, төрт адамды отбасы үшін автобуспен көтерілу үшін 16 мың теңге беруге тура келеді.
Айта кету керек, екі жаққа бару билеті 12 жасқа дейінгі балалар үшін толық төрт мың теңге емес, 1800 теңге тұрады. Бес жасқа дейінгі балалар мүлдем тегін жүреді.