Өңдеу өнеркәсібіндегі несиенің құлдырауына банктердің орасан табысы мен жоғары базалық мөлшерлемесі себеп болып отыр. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.
Сенатордың айтуынша, өңдеу өнеркәсібіндегі бизнес өкілдерін негізінен қаржыландырудағы қиындықтар алаңдатады. Әшімбаев қазір қаржы нарығындағы несиелік мөлшерлеме 22%-ға жеткенін атап өтті. Бұл жағдай субсидияланатын мөлшерлемелерге қарамастан, саладағы кәсіпорындардың дамуына кері әсер етеді.
«2022 жылдың басынан ағымдағы жылдың сәуіріне дейін банктік несиелеудің жалпы көлеміндегі бизнесті несиелендіру үлесі 51%-дан 43%-ға, ал өңдеу өнеркәсібін несиелеу 14%-дан 12%-ға дейін төмендеді. Біз бірнеше жылдан бері ұзақ мерзімді және қолжетімді қарыз қаражатының тапшылығы туралы айтып келеміз. Ал бұл банк секторының орасан табысы...