Ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары басталуына байланысты, Астана әуежайы 1 мамырдан түнгі рейстерді қабылдамайды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.
«Астана халықаралық әуежайындағы ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге байланысты 2024 жылғы 1 мамырдан бастап, жұмыс аяқталғанға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін елорда әуежайының әуеайлағында ұшақтарды қабылдау мен ұшу тоқтатылады» – делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстарына байланысты рейстер кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Сондықтан жолаушылар қосымша ақпарат алу үшін әуе компанияларына хабарласуы керек.
Бұған дейін Азаматтық авиация комитеті ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін созылуы мүмкін екенін хабарлаған...