Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта құрылымдайды. Нәтижесінде жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы пайда болады. Бұл жайлы министрліктің «Ашық НҚА» порталына орналастырылған құжатында жазылған.
Жаңа мекеме немен айналысады?
Құжатта мекеменің су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қызметін ақпараттық, талдамалық және әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындаумен айналысатыны жазылған.
«Су ресурстарын пайдалануды оңтайландыру, ел экономикасының барлық салаларында су тапшылығы тәуекелдерін барынша азайту, экологиялық тұрақтылықты қолдау және барлық мүдделі тарапты...