Freedom Broker сарапшылары Kaspi.kz акцияларының арзандауына дивиденд бөлінісінен бөлек басқа факторлар да әсер етті деп тұжырымдайды Kaspi финтех акциялары кеше 5,1% арзандаса, бүгін 5,2% жоғалтқан.
«Бұған дейін атап өткеніміздей, дивиденд бөлінісі жергілікті қайта сатып алынған қағаздарды сатып жіберуге сылтау болды. Өйткені тоқсандық дивиденд кірістілігі айтарлықтай төмен. Оған қоса, Kaspi мен Halyk bank-тің төлем саласындағы ықпалын азайту үшін Ұлттық банк келер жылдан әмбебап төлем жүйесін енгізетіні белгілі болды», – деп жазады сарапшылар.
NYSE қор биржасында компанияның ҒДҚ-сы арзандаған. Бүгін акциялар 5,2 пайыз арзандағанын ескерсек, ADS пен қарапайым акциялардың бағасы бірдей болып қалған.