Halyk Bank 2023 жылы таза кірісін 21,8%-ға, яғни 693,4 млрд теңгеге дейін арттырды. Бұл туралы банктің жылдық есебінде жазылған.
Банк активтері бір жылда 8,7%-ға, яғни 15,5 трлн теңгеге өсті. Былтыр бұл көрсеткіш 14,4 трлн теңге еді. Банк міндеттемелері 13 трлн теңгеге дейін өсті. Ал капиталы 13,6%-ға, 2,5 трлн теңгеге дейін өсті.
Таза пайыздық кіріс 810,4 млрд теңгеге дейін өсіп, басқа пайыздық емес кіріс 400,1 млрд теңге болды. Бұл 2022 жылғыдан 4 млр теңгеге аз.
Былтыр банктің таза пайдасы 693,4 млрд теңге болды. Ал 2022 жылы 569,4 млрд теңге болған.
Халық банкінің негізгі акционерлері – Тимур мен Динара Құлыбаевтар. Олар...