Биржада Brent маркалы мұнай бағасы қымбаттай бастады. Бұған АҚШ-тағы мұнай қорының төмендеуіне байланысты жаңалық ықпал етті. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының талдауында жазылған.
«14 наурыз Brent маркалы мұнай бағасы АҚШ-тағы мұнай мен қорларының төмендеуі аясында барреліне 84,0 долларға (+2,5%) өсті», – деп жазылған талдауда.
АҚШ Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, өткен аптада шикі мұнай мен жанармайдың коммерциялық қорлары тиісінше 1,5 миллионға және 5,7 миллион баррельге қысқарды.
«Осы уақытта украиналық ұшқышсыз ұшақтар ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасады. Ең ірі «Роснефть» зауытында өрт шықты. Бұл кейіннен Ресей Федерациясынан дизельдік отын экспортының төмендеуіне және жанармай импортының артуына әкелуі мүмкін», – деп болжап...