Техас технологиялық университетінің Медицина ғылымдары орталығының доценті, дәрігер Бриттани Бэнкхед-Кендалл COVID-19-дың адам өкпесіне тигізетін әсері туралы айтты. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Дәрігер үш рентген суретімен бөлісті: сау адамның, темекі шегуші және COVID-19 жеңіл түрде ауырған науқастың өкпе суреттері.
Дәрігер сау адамдардың рентген суреттері мөлдір болатынын түсіндірді. Темекі шегушілердің өкпе суреттері тыртықтарға байланысты кей жерлері ақ түстес болып келеді. Коронавирустан кейін өкпеде кең көлемде мөлдір емес жерлер көрінеді. Бұл COVID-19 және ауа жетіспеушілігінен туындаған қатты тыртықтарға байланысты болады.
Коронавирус көбінесе өкпе сұйықтыққа толып, қабынған кезде пайда болатын пневмония сияқты асқынуларға әкеледі. Ауырған адамдарда созылмалы жөтел, ентігу, мұрыннан...