Қырғызстан Цифрлық даму министрлігі интернет-провайдерлерге TikTok әлеуметтік желісіне кіруді шектеу туралы хат жіберді. Бұл хат ведомствоға елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінен келіп түскен.
24kg басылымының ақпаратына сүйенсек, ҰҚМК Қырғызстанның TikTok сегментінде «мазмұнды цензуралауға жүйелі және принципті көзқарас жоқ» екендігін, атап айтқанда балалардың желіде қорғалмағанын атап көрсеткен.
Сондықтан ведомствоға «Балалардың денсаулығына, олардың физикалық, рухани, адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі шаралар туралы» заңға сілтеме жасай отырып, 18 сәуірге дейін әлеуметтік желіге кіруді шектеу тапсырылған.
Қырғызстандық БАҚ Қырғызстанның Мәдениет министрлігі өткен жылдың тамыз айының соңында әлеуметтік желіні бұғаттау туралы өтініш жібергенін еске салады. Содан кейін министрлік бірқатар үкіметтік емес...