Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.
15 сәуірдегі сот отырысында сотталушы Байжановтан жауап алу процесі жалғасты. Алдымен алқабилердің бірінің сот отырысына денсаулығына байланысты келмегені айтылды. Алқабилер құрамында 10 негізгі және 2 қосалқы алқаби болатыны белгілі. Соған сәйкес, қосалқы алқаби негізгі алқабидің орнына отырды.
Тараптардың өтінішхаты барысында істі қарап жатқан судья Айжан Құлбаева Байжановтан жауап алу аяқталмағанын айтып, кезекті тараптардың сұрағына берді.
Адвокат қарсылығы
Алайда Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов өтінішхат білдіруге сот тарапынан мүмкіндік берілмей жатқанын алға тартып, судья Құлбаеваға тағы да...