Әлемдік сауда ағыны 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы шамамен 12 пайызға өсті. 2022 жылы жаһандық сауда көлемі рекордты деңгейге – 32 трлн долларға жетті. Соның ішінде тауармен жасалған сауда көлемі 25 трлн долларды құрады. Халықаралық RTL Alliance логистикалық компаниясы мен ASER инвестициялық-консалтингтік компаниясының шолуында әлемдегі және елдегі транспорттық-логистикалық ахуал кеңінен қамтылады. Мамандардың пайымынша, жаһандық жеткізу тізбегінің қайта құрылуы барысындағы тәуекел мен белгісіздік әлі сақталып отыр.
Халықаралық компаниялар Қазақстан нарығына қызыға бастады
Бұл ретте мамандар бірқатар позитивті факторларды атап өтеді:
Әлемдік сауда қазіргі жағдайға біршама бейімделді. Порттардың ауыр жүктемесіне қатысты проблемалар реттеліп, жаңа кемелер пайдалануға беріліп жатыр. Жүк тасымалы...