«Көкжиде» құмында орналасқан мұнай компаниялары мен экологтар арасындағы дау мұнай компанияларының пайдасына шешілді. Компаниялардың үстінен Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті мен прокуратура Көкжиде су қорын ластағаны үшін шағым түсірген.
Алайда аппеляциялық сот экологтардың «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «ҚМК Мұнай» АҚ, «Ада Ойл» ЖШС және «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-не қатысты шағымдарын қанағаттандырмады.
2023 жылғы 1 маусымда Бас прокуратура Экология департаментіне «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «ҚМК Мұнай» АҚ, «Фирма «Ада Ойл» ЖШС және «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС жұмыстарының экологиялық заңнамаға сәйкестігін анықтау мақсатында ұңғымалардағы суды тексеруді тапсырған. Зерттеу барысында ластану анықталған.
Экологтар мұнай өнімдерімен Көкжиде кен орнының контурындағы жер асты суларының сапасын, топырақтар мен...