S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін тұрақты деңгейде растады. Бұл жайлы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
«1 наурызда S&P рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасы бойынша егеменді кредиттік рейтингін талдау шеңберінде елдің кредиттік рейтингін «BBB–» деңгейінде «тұрақты» болжамын растады, – делінген хабарламада.
Агенттік бұл шешімін, ең алдымен, ықтимал сыртқы шоктарды бейтараптандыратын елеулі сыртқы резервтердің көлемі мен айтарлықтай бюджеттік тұрақтылықтың болуымен түсіндірген. Агенттік сарапшылары мемлекеттік басқарудағы жоспарланған реформалар мен экономикалық реформалар егеменді рейтингтің болжамына оң әсер ететінін атап өткен.
Десе де, S&P сарапшылары қуат көзі мен азық-түлік бағасының жаһандық төмендеуіне қарамастан, инфляциялық қысым...