Бұған дейін Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Есімхан Байғабылов мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Алдағы уақытта шенді жұмыстан босатылуы мүмкін.
Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Үкімет кулуарында мәлім етті.
«Бұл азамат қазір әкімшілік қамауға алынған. Бостандыққа шыққаннан кейін, оның мемлекеттік қызметте жұмыс істеуін жалғастыру мәселесін шешу үшін комиссия отырысы өтеді. Мен өз басым мұндайды құптамаймын. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі енгізген жүйе мас жүргізушілерді анықтап жатқанына қуаныштымын. Олар азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін білесіз. Сондықтан мен мұндай нәрселерге өте қатал қараймын. Мемлекеттік қызметте оларға орын жоқ деп ойлаймын», – дед...