Венгрия Швецияның НАТО-ға мүше болу туралы өтінішін мақұлдады. Мажарстан ұйымға мүше 31 елдің ішінде келісім бермей келген соңғы мемлекет болған еді. Бұл жайлы Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон хабарлады.
«Бүгін – тарихи күн. Қазір НАТО-ға мүше барлық елдің парламенттері Швецияның НАТО-ға кіруіне дауыс берді. Швеция еуроатлантикалық қауіпсіздік үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын», – деп жазды Кристерссон.
200 жылдан бері бірде-бір әскери одаққа қосылмаған Швеция мен Финляндия Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін, 2022 жылы НАТО-ға кіруге өтініш берді. Екі мемлекеттің өтініші 2022 жылдың маусымында қаралып, Мадрид меморандумына қол қойылды. Бастапқыда Швеция мен Финляндия бір мезгілде...