Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні орындауы туралы баяндама жобасын бекітуге тапсырды. Ашық НҚА порталында жарияланған құжаттағы негізгі мәселелерге шолу жасадық.
МӘСҚ төлемдері
2024 жылға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) 6,9 млн тұлға үшін жалпы сомасы 536,4 млрд теңге әлеуметтік аударымдар түсті. МӘСҚ-дан 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алушылар саны 575,7 мың адам.
2023 жылы еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларға ұқсас әлеуметтік төлемдердің мөлшері екі рет: 1 қаңтардан бастап 8,5%, 1 шілдеден бастап қосымша 14,5% ұлғайтылған. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшер...