Ұлттық банк таяуда ғана базалық пайыздық мөлшерлемені 15,75 пайыздан 15,25 пайызға төмендету туралы шешім қабылдап, енді бұдан былай жұмсақ ақша-несие саясатын ұстануға құлықты екенін аңғартты. Базалық ставка осымен төртінші мәрте төмендеп отыр. Инфляция былтыр жыл соңында бір таңбалы мәнге түсіп, 9,8 пайыз болды. Үкімет те, Ұлттық банк те инфляция әрі қарай төмендейді, қымбатшылық өсімі баяулайды деп отыр. Демек, базалық ставканың да төмендеу перспективасы айқын деген сөз. Әрине, саяси-экономикалық тәуекелдер әрқашан ескеріледі.
Базалық мөлшерлеме құралын қалай пайдалану керек?
Сарапшы Тимур Әбілқасымовтың айтуынша, 2023 жылдың аяғында жылдық инфляция баяулағанымен, айлық инфляция өсім көрсетті. Әлемдік азық-түлік бағасының төмендеуі және орталық банктердің шектеул...