Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар өзгерістер күшіне енеді.
Шағын және микро бизнесті тексеруге арналған мораторий тоқтатылады.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және микро бизнесті тексеруге арналған мораторий тоқтатылады. Осылайша, бақылаудың барлық саласында тәуекелдерді басқару жүйесі енгізіледі.
Бірыңғай жиынтық төлем енді болмайды
Жаңа жылдан бастап Қазақстанда Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жойылады. Ол жылдық табысы 4,1 миллион теңгеден аспайтын азаматтар үшін енгізілді. Бірыңғай жиынтық төлем 2019 жылдан 2023 жылға дейін, яғни уақытша қабылданған еді. Ол 2023 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Бірыңғай әлеуметтік төлемді төлейтін азаматтар 2024 жылдан бастап жеке кәсіпкер болып, тиісті салық режимін таңдауы қажет.
Айта кетейік...