Қытай осы жылы Қазақстанның шикі мұнайын импорттауды 9,3%-ға азайтқан. Бұл жайлы ERI_Monitor телеграм арнасы жазды.
Телеграм арнасының жазуынша, Қазақстаннан Қытайға мыс және катодты мыс сияқты тауарлардың экспорттық жеткізілім көлемі 24,3%-ға яғни 1,3 млрд долларға дейін және шикі мұнай 9,3%-ға, 2,6 млрд долларға дейін төмендеген.
Ал жалпы, Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-тамызда 19,0 млрд долларды құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,6%-ке жоғары екен. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 15,5 млрд болларды құраған.
Бұл орайда ҚХР-ның жалпы тауар айналымындағы үлесі 21%-ды құрап отыр. Қазақстаннан Қытайға баратын экспорт 2023 жылғы қаңтар-тамызда 2,1%-ға...