ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Sinopec компаниясының президенті Юй Баоцай мұнай-газ саласында жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Үкімет үйі.
Үкімет басшысы Sinopec компаниясының тікелей қатысуымен елімізде бірқатар маңызды жобалардың, соның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытын модернизациялау жүзеге асырылғанын атап өтті.
Сондай-ақ ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұнай-газ химия өндірісін жедел дамыту міндетін қойғанын атап өтіп:
«Полиэтилен» жобасы мұнай-газ химия өнеркәсібін дамытудағы маңызды кезең. Оны жүзеге асыру ел экономикасына мультипликативті әсер етпек. Sinopec компаниясы мұнай-газ химия саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі екенін ескерсек, компанияның жобаға тең құқылы серіктес ретінде келуі стратегиялы...