Фото: Үкімет
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты мен Атырау мұнай өңдеу зауытында болған апаттардың себептерін егжей-тегжейлі зерттеп, кінәлілерді анықтау үшін Энергетика министріне сарапшылардан тұратын жұмыс тобын құруды тапсырды.
«Ең бастысы орын алған апаттардың себептерін анықтау керек. Адами фактор болды ма? Бұл ретте тек кешегі оқиғаға байланып қалудың қажеті жоқ. Уақтылы шешім қабылдамау, кейінге ысыру және мәселелерді дер кезінде елемеу осыған жеткізіп отыр. Мұның барлығын объективті түрде анықтау керек», деді Премьер-министр.
Сонымен бірге үкімет басшысы қатысқан арнайы комиссияның отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі Серік...