Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында 24 ақпан күні Kcell компаниясының мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығарумен байланысты ірі мәмілесі туралы хабарлама жарияланды.
Түсініктемеде мәміле нәтижесінде компания активтерінің 10%-нан жоғары, бірақ 25%-дан аз мүлік сатып алынғаны болмаса иеліктен шығарылғаны көрсетілген. Бұл ретте сатып алынған (немесе иеліктен шығарылған) актив – ақша, ал мәміле нысанасының құны – 40 млрд.
«Біз «Қазақтелеком» АҚ-мен несие алу туралы келісімге қол қойдық. Жиналған қаражат Қазақстан Республикасының аумағында 5G жобасын дамытуға жұмсалады» деп түсіндірді компания kursiv.media тілшісіне.
Желтоқсан айының соңында Kcell «Қазақтелекомға» тиесілі басқа үш оператормен (active, Tele2 және...