Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы және экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауда болу мерзімі тағы да 2 айға ұзартылды, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
«2023 жылғы 13 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А. Мұхамедиұлының қамауда болу мерзімін 2 айға ұзартты», делінген хабарламада.
Қазақстанның бұрынғы мәдениет министрі 2022 жылдың мамыр айында бірден үш айға қамауға алынған еді. Тамыз айында Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімі алғаш рет ұзартылды.
Бастапқыда ол 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген болатын.
Тамыз айында Антикор оның ісі бойынша мемлекетке келтірілген шығынның алдын ала сомасы...