Бөлшек сауда көлемі 2022 жылғы қаңтар-қазанда 12 097,8 млрд теңгені құрады және бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 1,4% жоғары. Дара кәсіпкерлермен тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 1,5% өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі – 36%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 64%.
Сату көлемінің ең көп өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша, атап айтқанда арнайы дүкендердегі жиһаздар, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, киім, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, былғарыдан жасалған бұйымдар, косметикалық тауарлар мен дәретхана керек-жарақтарын, жарықтандыру құралдары мен тұрмыстық тауарлар, сағат және зергерлік бұйымдар, мотор отыны, музыкалық аспаптар, электр құралдары...