Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының көпшілігі мемлекеттік тілде оқуды таңдады
Бүгінгі күні балаларды бірінші сыныпқа қабылдауға 390 мыңға жуық өтініш түсті. Оның ішінде балалардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.
Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 1 сәуірде басталған болатын. Ал құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 1 тамызда аяқталады.
Одан кейін мектептерге сыныптарды қалыптастыруға сапалы дайындық жұмыстарын жүргізуге және оқу үрдісін ұйымдастыруға уақыт беріледі.
«Құжаттарды қабылдау мерзімінің аяқталуына санаулы күндер қалды. 1 сәуірден бастап 4 ай бойы БАҚ-та да, әлеуметтік желілерде де 1 тамызға дейін құжаттарды тапсыру қажеттігі туралы хабарлап келеміз. Әл...