Отбасы Банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша қатысушылардың тізімін құрды. Іріктеудің негізгі критерийлері – қатысушылардың жергілікті әкімдікте кезекке тұру күні мен санаты болды. Жақын арада бағдарлама қатысушыларының барлығы otbasybank.kz порталындағы жеке кабинеттерінде байқау нәтижелері бойынша өз мәртебелерін көретін болады.
Қазақстандық отбасыларды жеңілдетілген шарттармен несиелендіруге биыл республикалық бюджеттен 51 млрд теңге бөлінді. Аталмыш қаражат Отбасы банкіне түсті. Бұл қаражат аясында 5000 жуық отбасы несиелендірілетін болады.
ҚР Үкіметі қабылдаған, Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды 2026 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасының қаулысына сәйкес, бағдарламаға бірқатар оң өзгерістер енгізілді.
Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасына көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен қатар, «жетім...