Қазақстанның тоғыз өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. 23 наурыздан бастап сәуір айына дейін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында бір білікке түсетін салмақ 8 тоннадан аспауы тиіс. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
Бұл шаралар жыл сайын көктемде қар еріп, су тасыған кезде жол негізінің босап, осал болуына байланысты қабылданады. Шектеулер асфальт жабындысын күтіп ұстап, сапасын сақтауға бағытталған.
Кімдерге және қай өңірлерде шектеу қойылады
23 наурыз бен 1 мамыр аралығында шектеулер солтүстік, шығыс және орталық өңірлеріне қатысты болмақ. Атап айтқанда:
Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары; Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Абай облыстары...