Ғылыми дәрежесі жоғары педагогтердің табысы көбеймек. Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Бұл заң педагогтер мен ғылыми қызметкерлердің материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған. Бұл жөнінде Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Белгілі бір ғылыми дәрежесі мен атағы бар педагогтер үшін ай сайын төленетін қосымша ақы мөлшері ұлғайтылды. Мәселен, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және қауымдастырылған профессор (доцент) атағы үшін төленетін қосымша ақы 25 АЕК-ті (92 300 теңге) құрайды.
Ал ғылым докторы және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы үшін 42 АЕК (155 064 теңге...