18 сәуір кешке Израиль өз зымырандарымен Ирандағы Исфахан қаласының әуежайы маңын нысанаға алып соққы жасады.
ABC News ақпаратына сүйенсек, АҚШ-тың ресми өкілі Иран Сириядағы Иран елшілігіне жасалған шабуылға жауап ретінде Израильге ұшқышсыз зымырандар атқаннан кейін Израиль жауап қайтарған.
Иранның Fars ақпарат агенттігі Исафахан қаласының әуежайында жарылыс естілгенін, бірақ жарылыстың себебі бірден белгілі болмағанын хабарлады. Исфахан провинциясында бірнеше ирандық ядролық қондырғылар, соның ішінде ирандық уранды байыту бағдарламасының Орталық нысаны орналасқан.
Bloomberg өзінің дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, бейсенбіде Израиль шенеуніктері АҚШ алдағы 24-48 сағатта Иранға қарсы соққы беруді жоспарлап отырғанын хабарлағанын жазады.
Өткен демалыс күндері Иран Сириядағы елшілігінің аумағына Израильдің соққысына жауап ретінде жүздеген дрондар мен зымырандарды атқан. Дрондар мен зымырандарды...