Air Astana итальялық Neos әуе компаниясымен бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Тараптар стратегиялық серіктестік орнату туралы меморандумға қол қойған. Бұл туралы компанияның Қазақстан қор биржасына жіберген хабарламасында жазылған.
Стратегиялық әріптестік бірнеше бағытты қамтиды:
Милан мен Алматы арасындағы және кері бағыттағы Neos рейстеріндегі код-шеринг туралы келісім; техникалық және пайдалану, оның ішінде Boeing ұшақтарына қызмет көрсету жөніндегі білім алмасу; нормативтік, монополияға қарсы және үкіметтік заңнамаға сәйкес болған жағдайда, Италия мен Қазақстан арасындағы бағыттар үшін бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін қарастыру.«Біз Neos-пен стратегиялық серіктестік құрғанымызға қуаныштымыз және ортақ клиенттерімізге үздік қызмет көрсету үшін бірлескен...