Қазіргі уақытта облыс орталығы мен бірнеше аудан Жайық өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарын қызу жүргізуде. Орал қаласындағы біраз саяжай су астында қалды. Қала шетіндегі әлеуметтік нысандарды да су басты. Қарғын су қатеріне байланысты өңірде қауіпсіздік шаралары күшеюде. Осы себепті дүйсенбіден бастап Орал қаласы мен Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарындағы мектептер мен колледждер бойынша онлайн оқу ұйымдастырылады.
«Өңірдегі төтенше жағдай уақытында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жайық өзенінің жағалауында орналасқан Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарының және Орал қаласы орта білім беру, кәсіптік-техникалық және қосымша білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңестерінің шешімімен 15 сәуірден бастап оқу процесі тиісті платформалар...