«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Құдайбергенов «Қаламқас-теңіз/Хазар» жобасының 50 пайыздық үлесі не себепті «Лукойлға» сатылғанын түсіндіріп берді.
Айтуынша, игерудегі қиындықтарға байланысты бұл жобадан алғашқыда инвесторлар бас тартып, кен орындарын мемлекетке қайтарып берген.
«Қаламқас-Теңіз және Хазар кен орындары бұған дейін жер қойнауын пайдалану жөніндегі әртүрлі келісімшарттарға кірген. Операторлары да әртүрлі еді. Қаламқас теңізінің операторы – Қашаған кен орнын игеруші NCOC компаниясы болды. Ал Хазар операторы Shell және Oman Oil компанияларының қатысуымен құрылған КМОК (аспий Меруерты Оперейтинг Компани) болды. Бірқатар себептерге байланысты олардың жобаны дамытуы кешіктірілді. Сонымен бірге жобаны жеке жүргізудің экономикалық негізділіг...