10 мың қазақстандық барлық тексерістен отып, ресми түрде банкрот деп танылды. Олардың қарызының жалпы сомасы 20 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің кулуарында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты.
«Бүгінгі таңда 87,5 мың өтініш түсті, оның ішінде біз 10 мың өтінішті өңдеп, жеке тұлғаларды банкрот деп таныдық. Бұл тұлғалар бойынша есептен шығарылған қарыз сомасы 20 млрд теңгені құрайды», – деді Біржанов.
«Неліктен қазақстандықтар банкроттықтан бас тартады?» деген сұраққа жауап берген вице-министр мұны жылжымайтын мүліктің болуымен байланысты деп түсіндірді.
«Соттан тыс банкроттық – 1600 АЕК-ке дейінгі сома. Дәл осы санат бойынша азаматтар смартфон, тұрмыстық техника, түрлі қажеттіліктерге тұтынушылық несие алған. Біра...