ҚР Мемлекеттік күзет қызметі өкілдері барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда үміткерлерді таңдайды. Әскери іріктеу 2024 жылғы 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді.
Үміткерлерге келесі талаптар қойылады:
жасы 18-27 арасында; бойы 180 см-ден төмен емес, 195 см-ден жоғары емес; білімі орта білімнен төмен емес; денсаулығы жақсы.«Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разряды бар шақырылушыларға басымдық беріледі», – деп хабарлады Мемлекеттік күзет қызметі.
Мемлекеттік күзетке өткендер мерзімді қызметін Астана және Алматы қалаларындағы 0112 және 0111 әскери бөлімдерінде атқарады.
ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарында мерзімді қызмет сарбаздары Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қорғайды. Сонымен қатар...