Halyk Finance Қазақстанның 2029 жылға дейінгі «Ұлттық даму жоспарын» сынға алды. Сарапшылардың тұжырымдауынша, жаңа даму жоспарының жобасы елдің қазіргі даму моделіне түбегейлі өзгеріс енгізуді ұсынбайды. Құжат президенттің сайлауалды бағдарламасы, жолдауы мен сөйлеген сөзі аясында дайындалған деп пайымдайды.
Сарапшы Мұрат Темірханов Дүниежүзілік банк Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі және бұрынғы моделін сыни тұрғыда талдай келе, бұл кезеңді «жоғалған онжылдық» деп бағалағанын айтады. Ал Ұлттық жоспар ел экономикасы жолғатқан жылдар мәселесін түбегейлі шеше алмайды.
«Қазақстанның жаңа даму жоспарының жобасы қазіргі даму моделіне түбегейлі өзгеріс енгізуді ұсынбағандықтан, «жоғалған онжылдық» мәселесін шеше алмайды. «Жаңа» Қазақстанның қазіргі көзқарасы «Еск...