Парламентте Әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Заң жобасының таныстырылымы өтті.
«Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, қоғамда күш көрсету, зорлық жасау көрсеткіші, өкінішке орай, жоғары болып отыр. Мысалы, 2021 жылы Астанада 796 әйел адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сексуалдық қылмыстар құрбаны болған. Ал 2022 жылы -1000 әйел, 2023 жылдың 9 ай ішінде 865 әйел осындай қылмыстарға ұшыраған. Қылмыстардың басым көпшілігі отбасылық тұрмыстық жанжалдардың негізінде, алкогольдік мас күйде жасалады. Көптеген әйел жасы мен менталитетіне, тәрбиесі мен материалдық тәуелділігіне байланысты ұзақ уақыт бойы өз жолдасының зорлық-зомбылығына төзіп жүре береді. Мұның барлығы абьюзерге ұзақ уақыт бойы...