Студенттерге арналған білім беру кредиті ұлттық валютамен 10 жыл мерзімге беріледі. Аталмыш жобаның жаңа тәртібін Ғылым және жоғары білім министрлігі Ашық НҚА-да қоғам талқысына ұсынды.
Бұл несиенің бұған дейінгі «Қаржы орталығы» АҚ жүйесін екінші деңгейлі банктер арқылы беріліп келген несиеден бірқатар айырмашылығы бар.
Несие алу үшін келесі талаптарға сай болу керек:
Қазақстан аумағындағы ЖОО не ЖОО-дан кейінгі оқу орнының студенті болу; ҚР-ның тұрақты табысы бар, еңбекке қабілетті бір азаматының кепіл болуы (егер студент жетім, не ата-ана қамқорлығынсыз қалған болса, бұл талап міндетті емес); Оқу құнының кемінде 10 пайызы мөлшерінде жинағының барын растайтын білім беру жинақтау сақтандыру шартының болуы;Несие 10 жыл мерзімге берілгенімен, оны төлеу ЖОО бітірген...