Фото: kursiv.media
Қазақстан инвестициялық тартымдылығы жоғары ТОП-10 мемлекеттің қатарына қосылды. Осылайша Азия, Африка, Таяу Шығыс және Еуропа елдерінің инвестициялық тартымдылығына жүргізілген зерттеу рейтингінде алтыншы орынға орналасты.
fDi Intelligence халықаралық агенттігінің сарапшылары Халықаралық валюта қорының дерегі мен fDi Markets шетелдік инвестициялар мониторингіне сүйеніп, әлем елдерінің макроэкономикалық көрсеткіші мен тікелей шетелдік инвестициялардың динамикасын саралады.
Нәтижесінде өткен жылы Азия жақсы нәтиже көрсеткенін анықтады. Рейтингте инвестициялық тартымдылығы жөнінен Камбоджа көш бастады. Филиппин – екінші, Ирак – төртінші, Қазақстан – алтыншы, Әзірбайжан – жетінші, Үндістан – оныншы орынды иеленді. Ондыққа Африканың 3 елі енді. Кения – үшінші, Намибия – бесінші, Марокко – сегізінш...