Фото: kursiv.media
Jusan Bank-тің еншілес ұйымы – Jusan Invest басқарушы компаниясының басқарма құрамы өзгерді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасына жолданған ақпаратта жазылған. Басқарма құрамынан Мейірман Көшербаев шығарылды.
Көшербаевтың жұмыстан босатылу себебі нақтыланбаған. Енді басқарма құрамы үш адамнан тұрады: Тимур Салимов, Дана Оразбаева және Шынар Қасымбаева.
Күздің басында компания директорлар кеңесінің құрамын өзгертті. Қыркүйек айында басшысы Нұрдәулет Айдосов қызметінен кетті. Оның орнына директорлар кеңесінің жаңа төрағасы First Heartland Securities (Jusan Bank негізгі акционері) басқарма басшысының бұрынғы орынбасары Ерке Нүркенов тағайындалды.
Қазан айында директорлар кеңесін KAZ Minerals және Bank RBK-нің негізгі акционерімен аттас Владимир Ким басқаратыны хабарланды.
Jusan Invest...